Айсұлтанова Қарлығаш Әбдіқалыққызы 1965 жылдың 1-ақпанында Алматы облысы, Кербұлақ ауданында дүниеге келді. Филология ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры. 1993 жылы Алматы шет тілдер институтын бітірген. 1993 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетте жұмыс істейді. 2001-2007 жылдары аға оқытушы, 2008 жылдан 2-гуманитарлық шет тілдер кафедрасының доцент міндетін атқарды. 2011 жылдың қыркүйегінен филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасында кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар міндетін атқарды. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарады. 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Д 14 А.01.23 диссертациялық кеңесінде «Қазақ тіліндегі терминжасамның ішкі көздері» тақырыбына 10.02.02 мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1995 жылы Қ.Ә.Айсұлтанова DAAD бағдарламасы бойынша стипендиясын жеңіп алып, ГФР-дың Ерланген қаласында тәжірибе жинақтауға жіберіліп, нәтижесінде арнайы сертификат алып қайтты. 2013жылы Ресей Жаратылыстану Академиясының профессор ғылыми дәрежесі берілді. 2013 жылдың қаораша айында МО «Володар ауданы» мәдениет әкімшілігі Комитетінен «Детская школа искусств» мектебіне домбыраға үйрету әдістемесі бойынша әдебиеттермен қамтамасыз етуде ықпалдастық және қайырымдылық көмек көрсеткені үшін және де факультет , ҚазҰУ-дың ректоры атынан факультеттің қоғамдық-рухани өміріне белсене араласқаны үшін алғыс хаттар алды. Университеттегі педагогикалық стажы -20 жыл.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
АШТПИ |
Жоғары |
1993 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
21.11.2003 |
1
құжаттар
1